Қарақұйрықты атқан браконьерлер ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында қарақұйрықты заңсыз атқандар ұсталды, деп хабарланды Экология министрлігінің facebook-тегі парақшасында.
Жамбыл облысы Байзақ ауданының аумағында «Охотзоопром» ӨБ бірлескен іс-шара барысында 2020 жылдың тамыз айының 26 күні Байзақ ауданына қарасты «Есқара» құм өңірінен жол талғамайтын «Тойота» автокөлігінің ізіне түсіп, түнгі сағат 5 шамасында көлікті тоқтатып тексеру барысында Қазақстан Республикасының «Қызыл кітабына» енгізілген 2 қарақұйрық аңын заңсыз атқан Байзақ ауданының екі азаматы ұсталды, - делінген хабарламада.
ҚР ҚК-нің 337-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда ұсталған азаматтарға қатысты Байзақ аудандық ІІО полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы