Қарақұйрықтың ұшасын тасымалдаған екі қызылордалық құрықталды

24 мамыр күні Қызылорда облысы ҰҚҚКБ-ның жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында ВАЗ автокөлігімен қарақұйрықтың ұшасын заңсыз тасымалдаған екі қала тұрғыны құрықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Автокөлікті тексеру барысында айғақты зат ретінде 3 қарақұйрықтың ұшасы тәркіленді.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 339-бабымен "Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу" сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы