Қарақұйрықтарды аулағандар сотталды

Жетісу облысы, Қаратал аудандық соты сирек кездесетін жануарларды заңсыз аулау ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жетісу облысы прокуратурасының мәліметінше, өткен жылдың қыркүйек айында "Үштөбе орман шаруашылығы" КММ-нің үш қызметкері азаматтық тұлғамен бірлесіп, "УАЗ" қызметтік көлігін пайдаланып, орман шаруашылығы аймағында Қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды заңсыз аулағаны анықталған.

Соттың үкімімен ұсталғандардың барлығы ҚР ҚК-нің 337-бабы (заңсыз аңшылық) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сотталушылар мемлекетке келтірілген 7 миллион теңгеге жуық залалды толық өтеді, - делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Прокуратура қоршаған ортаны қорғау заңнамасын сақтаудың және сирек кездесетін жануарларды қорғаудың маңыздылығын еске салады.

Осындай құқықбұзушылықтар анықталған жағдайда, дереу құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырамыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: nationalgeographic.kz/ Салтөре Сапарбаев
Өзгелердің жаңалығы