Қарақат Әбденге 5 деген баға қоямыз - Лингвистикалық комиссия мүшесі
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында лингвистикалық комиссия мүшесі Дихан Қамзабекұлы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгін президенттікке кандидат Қарақат Әбден мемлекеттік тілден емтихан тапсырған болатын. Қорытындысын жариялаған комиссия мүшесі былай деп баға берді.
Емтихан тапсыру барысында ҚР Президенттігіне кандидат Қарақат Әбден төмендегідей тапсырмаларды таңдады. Бірінші, жазба тапсырмасы, яғни "Тіл – халықтың алтын бесігі" шығарма жазды.Екінші, ауызша оқу тапсырмасында Есенберлиннің "Көшпенділер" туындысын таңдады, - деп атап өтті Дихан Қамзабекұлы.
Айта кетерлігі, Қарақат Әбден Президент сайлауына кандидат ретінде «Ұлттық альянс» қоғамдық ұйымының атынан ұсынылды. Ол Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Астана қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, елордалық қоғамдық кеңестің мүшесі. Әр жылдары мемлекеттік қызметте, Салық комитетінің орталық аппаратында, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жұмыс істеген. VI шақырылымдағы Астана қаласы мәслихатының депутаты болған.