Қарақат Әбденді қолдау штабы ашылды
Бүгін сағат 18:00-де ҚР Президенттігіне кандидат Қарақат Әбденді қолдау жөніндегі штаб ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР Президенттігіне кандидат Қарақат Әбденді қолдау жөніндегі штаб жұмысын бастады. Алдымен ұйымдастыру комитетінің отырысын өткізіп, нақты тапсырмалар берілді. Еліміздің 20 өңірінде біздің штаб жұмысқа дайын. Үгіт-насихат материалдарын әзірлеу, басқа да тиісті дайындық жұмыстары жүргізілді. Астана қаласындағы орталық штабта 10-ға жуық адам жұмыс істейді, - деді штаб басшысының орынбасары Берік Төребеков.
Оның айтуынша, үгіт-насихат жұмысы еліміздің барлық өңірінде онлайн және офлайн форматта өтеді.
Сондай-ақ кандидатты қолдауға арналған ресми сайт іске қосылды. Одан бөлек, әлеуметтік желілерде аккаунттар ашылды. Ол жерде штабтың іс-шаралары, сайлаушылармен кездесулер және үгіт-насихат материалдары орналастырылады, - дейді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қаржы министрлігі: Мемлекеттік сатып алу туралы ашық диалог
Өзгелердің жаңалығы