29 Қыркүйек 2026, 12:18 Фото: видеодан скриншот

Қарқаралы ұлттық паркінде фототұзақ тағы да жабайы табиғаттың сырын ашты

Қарқаралы ұлттық паркінде фототұзаққа қасқырлар ілікті.

Қарқаралыдағы фототұзақтан тағы бір қызықты кадрлар жарияланды. 

Бұған дейін Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзақ бүркіттің екі балапанын, ал түнде бұғыны тіркеген еді. Бұл жолы дәл осы маңнан қасқырлар көрінді.

Бүркіттің балапандары, түнгі бұғы. Енді – қасқырлар көрінді. Бір аумақта әртүрлі жануарлардың кезек-кезек кадрға түсуі Қарқаралының жабайы табиғатындағы тіршіліктің қаншалықты алуан екенін көрсетеді, - деп хабарлады Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі. 

Фототұзақ үнсіз бақылауын жалғастыруда. Ал келесі кадрда қандай жануар болары белгісіз.