Қарағанды дәріханаларына 2-3 күнде 190 мың "Парацетамол" әкелінеді

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандының дәріханаларындағы ыстық түсіретін, вирусқа қарсы дәрілердің және антибиотиктердің жетіспеушілігін жою мақсатында тиісті жұмыстар атқаралып жатыр. Бұл жайында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек брифингте мәлімдеді.

Жақын күндері облыс аумағындағы дәріханаларға үлкен көлемде "Парацетамол", "Ингавирин", "Азитромицин", "Цефтриаксон" және "Арпефлю" препараттары жеткізіледі.

Біз дәріханалық ұйымдармен дәрі-дәрмекті жіберуді реттеу бойынша үнемі жұмыс жасаймыз. Маусым айының соңғы күндері дәріханалардан ыстық түсіретін, вирусқа қарсы және антибиотиктің кейбір түрінің бір айлық көлемі сатып алынған. Дәріханаларға дәрі жеткізу тоқтаған емес. Дегенменде, дәрілер бір тәулік ішінде бітіп қалып отырды. Осыған байланысты дәрілердің үлкен көлемі облысқа жеткізілді. Жақын күндері дәрілік препараттар дәріханаларға жеткізіледі, - дейді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.

Оның айуынша, 2-3 күнде дәріханаларға 10 мың дана "Ингавирин", 15 мың "Азитромицин", 190 мың "Парацетамол" және "Цефтриксон", "Арпефлю" препараттары жеткізіледі.

Бұл мәселе біздің үнемі бақылауымызда. Дәріханаларда дәрілер мен медициналық жабдықтардың өз бағасында сатылуын тексеру мақсатында арнайы мониторингтік топ құрылған. Осы уақытқа дейін облыстағы 450 дәріхананы тексердік. Оларда дәрі-дәрмек бағасының шекті нормадан асырып сату жағдай тіркелген жоқ, - дейді аймақ басшысы.

Өкінішіке орай, облыста вирус дендеп, сырқат жұқтырғандардың саны күрт өскен уақытта дәріханалар алдында ұзын-сонар кезек қалыптасып, ажиотаж орын алды. Бұл жағдайды кейбір адам өз пайдасына пайдаланып қалу ниетімен дәрілерді үлкен көлемде сатып алып, одан кейін қымбат бағада сатқан. Осыған байланысты науқастар қажетті дәріні сатып ала алмаған.

Дәрінің бағасын өсіргісі келетіндерге ескерту жасағым келеді. Оларды қатаң жаза күтіп тұр. Қазіргі жағдайда дәріні қымбат бағада сату адамшылыққа жатпайды. Басқа адамдардың қайғысы арқылы пайда табу дұрыс емес. Қазіргі уақытта осы мәселе бойынша қамауға алынғандар да бар. Оның бірі Қарағанды, екіншісі Балқаш қаласының тұрғыны, - деді Қасымбек.
Облыс әкімі тұрғындардан егер де дәріні қымбат бағада сату фактілері кездескен жағдайда облыс әкімдігіне, экономикалық тергеу департаментіне немесе полицияға хабарлауын сұрады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы