27 Қараша 2026, 05:47
Фото: ТЖМ / скрин
Қараөткел ауылында үш қабатты ғимараттан өрт шықты
Құтқарушылар өрт сөндіру барысында іштен екі газ баллонын алып шығып, ықтимал жарылыстың алдын алды.
Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты Қараөткел ауылында үш қабатты ғимараттың үшінші қабатынан өрт шықты.
Оқиға Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты Қараөткел ауылында болған. ТЖМ мәліметінше, үш қабатты ғимараттың үшінші техникалық қабатынан өрт шыққан. Оқиға орнына Ақмола облысы мен Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменттерінің өрт сөндіру бөлімшелері жедел жетті.
Құтқарушылар өрт сөндіру барысында іштен екі газ баллонын алып шығып, ықтимал жарылыстың алдын алды.
Өрт 40 шаршы метр аумақты шарпыған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.