Қаракөлдегі аққулар неге өліп жатыр?
Мамандар Ақтау маңындағы Қаракөл көлінің жағасында 30 аққудың өлу фактісі бойынша сараптама нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Өңірдің экология департаменті судың іріктелген сынамаларында ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан асып кету анықталмағанын айтты.
Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары өз кезегінде тест өткізді. Нәтижелер оң болды және құс тұмауы вирусының болуын растады.
Естеріңізге сала кетейік, 21 желтоқсанда "Қарақия-Қаракөл" мемлекеттік табиғи қорығының инспекторлары қаза тапқан 30 аққудың өлекселерін тапқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда 77 мыңнан астам адам қызылшаға қарсы екпе алды
Келесі жаңалық
Іле Алатауы тауларынан жасөспірім құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы