Қаракөлде жүзге тарта аққу қырылып қалған

Маңғыстау облысында Каспий теңізі мен Қаракөлді бейнероликке түсіріп жүрген блогерлер көлде 100 шақты аққудың қырылып қалғанын айтып, әлеуметтік желіге таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл мәселе –  шындығында өзекті. Көлдің жағалау жиегінен жүздеген аққудың өлекселері табылды. Бір таңқаларлығы, өлген құстардың ішінде аққулардан өзгесін таппадым. Мұны табиғи жағдайға жатқызуға бола ма?, – дейді Азамат Сәрсенбаев.

Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатовтың айтуынша, оқиға орнына инспекторлар мен қорықшылар кеткен. Аққулардың өлексесі әлі бар ма, жоқ па? Болса, неден қырылуы мүмкін деген сұрақтарға мамандардың қорытынды сараптамасынан соң нақты айтуға болады.

Соңғы кезде Каспий теңізі де, Қаракөл де мұз боп қатты. Аққулар көлді жылы болғандықтан паналап, қыстап шығатын еді. Ауа райының әсері болуы мүмкін. Соңғы бірнеше жылда көлге мұз қататындай қара суық болмаған. Нақты себебін инспекторлардан күтеміз, – деді эколог Әділбек Қозыбақов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: inbusiness.kz
Өзгелердің жаңалығы