Қарағандылықтардың назарына!
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды қаласының тұрғындарына карантин кезеңіндегі рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі жарияланды.
Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету және коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік жедел штаб 04.04.2020 №6 хаттамасына қосымша.
2020 жылдың 7 сәуірінен бастап келесі ұйымдар мен кәсіпорындардан басқаларының іс-қимылы тоқтатылсын:
1. Денсаулық сақтау жүйесінің нысандары, келесілерін қоса алғанда:
1) медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар медициналық мекемелер;
2) медициналық мақсаттағы бұйымдарды сататын объектілер/субъектілер.
2. Инфрақұрылым, тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілері. Келесілерін қоса алғанда:
1) Электр энергетикалық компаниялар;
2) сумен қамту;
3) жылумен қамту;
4) газбен қамту;
5) электриктер, сантехниктер, лифт шаруашылығы қызметтері;
6) өрт сөндіру қызметі;
7) көшелерді және үй-жайларды жинау бойынша қызметтер (ПИК));
8) қоқыс пен қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жарату;
9) дезинфекциялау;
10) автомобиль жолдарын салу, жөндеу, қайта жаңарту.
3. Көлік және байланыс қызметтері:
1) Телекоммуникациялар (карантин уақытында абоненттік бөлімшелердің кем дегенде 50% — ын жабу және жұмыс істейтін бөлімшелердің тізімін интернет-ресурстарда жариялау, жұмыс уақытын 10.00-ден 16.00-ге дейін шектеу, коммуникацияға қызмет көрсететін желі және техникалық қолдау қызметкерлері үшін карантиндік аймақ бойынша қозғалуға рұқсат ету-қызметкерлердің деректерін РҚШ жанындағы жедел әрекет ету орталығының тізіміне енгізу);
2) такси қызметтері (жүргізушілерді күнделікті тексеру үшін медициналық қызметкерлері бар ірі тасымалдаушыларды, автокөлікті күнделікті жуу және дезинфекциялау үшін автожуу, аталған қызметкерлерді РҚШ жанындағы жедел әрекет ету орталығының тізіміне енгізе отырып белгіленсін. Бұл ретте жүргізушінің диагоналі бойынша орналастыра отырып, бір жолаушыны тасымалдауды жүзеге асыру);
3) жүк тасымалдары.
4. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және жер қойнауын пайдалану:
1) бірінші қажеттілік тауарларын өндіруді қоса алғанда, тамақ өнеркәсібі;
2) ауыл шаруашылығы;
3) химреагенттер;
4) дәрілік препараттар;
5) медициналық жабдықтар/құралдар;
6) санитарлық гигиена өнімдері;
7) Үйге арналған қағаз бұйымдары;
8) машина жасау;
9) металлургия;
10) тігін өндірісі;
11) тау-кен өнеркәсібі;
12) құрылыс материалдарын өндіру.
5. Бөлшек сауда, тамақтану қызметі және құрылыс объектілері. Келесілерін қоса алғанда:
1) Азық-түлік дүкендері;
2) дәріханалар;
3) ЖҚС, АГҚС, ГСС;
4) мейрамханалар/барлар/кафелер/асханалар (тек рұқсат етілген сектор шеңберінде немесе жеткізу үшін);
5)құрылыс (құрылыс алаңынан тыс жерде жұмыс режимін қамтамасыз ету мүмкіндігімен жұмысшылар үшін құрылыс алаңдарында жатақханалар бар жерде).
6. Басқа да маңызды қызметтерді, оның ішінде:
1) Екінші деңгейдегі банктердің филиалдары мен бөлімшелері;
2) пошталық, курьерлік және жүк қызметтері;
3) тамақ өнімдерін, дәрілер мен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ бірінші кезекте қажетті тауарларды жеткізу сервистері;
4) тамақ өнімдерінің, дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдардың қоймасы/дистрибуциясы;
5) қонақ үйлер, хостелдер, демалыс үйлері, санаторийлер мен профилакторийлер (қызметкерлерді казармалық режимге және карантинделген науқастарды орналастыру үшін ғана);
6) жатақханалар (қызметкерлерді казармалық режимге және карантинделген науқастарды орналастыру үшін ғана);
7) қарттар үйі;
8) балаларға арналған баспаналар;
9) үйсіздерге арналған баспаналар;
10) жануарларға арналған баспаналар;
11) салттық қызмет көрсету агенттігі және зират;
12) БАҚ;
13) волонтерлік ұйымдар;
14) УСҚ;
15) жеке сот орындаушылары;
16) объектілерді күзету жөнінде қызмет көрсететін ұйымдар.
7. Сот органдары, прокуратура, ҰҚКД, ҚР МКҚ, ПД, ТЖД, МҚІЖ, ЖАО, ДКД және оның аумақтық бөлімшелері, ЭДД, кеден бекеттері.
8. Аса маңызды объектілер, оның ішінде мемлекеттік басқару органдары.
Ескерту: егер мекеменің қызмет саласы жоғарыда тізімге енгізілмесе, бірақ осы ұйымның басшысы мекеменің қызметі облыс тұрғындары мен тіршілігін қамтамасыз ету үшін маңызды деп есептесе немесе қызметтің ерекшелігіне байланысты тоқтатылуы мүмкін емес деп есептесе, жедел әрекет ету орталығына негізделген жазбаша сұрау салуы қажет.