Қарағандылықтар үйлену тойын дәл полиция бөлімінің жанында жасаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда жергілікті тұрғындар полиция бөліміне таяқ тастам жерде той жасаған. КТК телеарнасының хабарлауынша, музыканы бар даусына қойып, бидің түбін түсіріп жатқандар аяқ астынан "қонаққа келген" полицейлерді де елемеген.

Ішкі істер бөлімі маңында орналасқан мейрамханаға у-шудың мәнін білмек болып бір полицей бас сұққан. Думандатқан топты көрген соң, іле-шала әріптестерін шақырыпты. Полицейлерді кешігіп келген қонақтар деді ме, тойдағылар тоқтайтын түр көрсетпеген. Арақашықтықты сақтап, бетперде таққан біреуі жоқ. Тексерушілерге төрде отырған жас жұбайлар да мән бермеді. Өйткені, жауапқа тартылатын тойхана иесі ғана екен. Музыканы өшіріп, бишілерді тыйған полицейлер тойды тарқатып бір-ақ кетті.

Музыканың қатты шыққан дауысын естідік. Мейрамханаға кірсек, үйлену тойы болып жатыр. Тойды тоқтатып, мейрамхана қожайынына қатысты Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 425-бабымен іс қозғалды. Енді ол ірі көлемде айыппұл төлейді, - дейді Михайлов полиция бөлімінің бастығы Ерлан Есжанов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы