Қарағандылықтар тегін спорттық жаттығуларға қатыса алады

Қарағандыда "Спорт әр аулаға" жобасы қайтадан басталады. Балалар мен ересектер үшін жаз бойы үйдің жанында тегін жаттығулар өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазыбек би және Әлихан Бөкейхан атындағы аудандарында 36 алаң анықталды: аулалар, гүлзарлар, саябақтар. Жаттығуларды кәсіби жаттықтырушылар мен нұсқаушылар жүргізеді. Барлық қажетті құрал-жабдық бар.

Таңертең фитнес жаттығулары, йога, зумба, скандинавиялық серуендеу жоспарланған. Кешке әртүрлі спорт түрлерінен турнирлер ұйымдастырылады.

Жаттығулар барлық жастағы адамдарға қол жетімді және айналысуға ыңғайлы уақытта өтеді.

Кесте, спорт түрі және аулалар тізімін мына жерден жүктеп алуға болады.

"Шахтер" стадионының әлеуметтік желісінде толық ақпарат келтірілген: @stadionshakhter.

Анықтаманы келесі телефондар арқыла алуға болады: (8-7212) 42-57-85, +7 702 589 52 53, +7 707 752 95 85 (Whatsapp).

"Спорт әр аулаға" жобасын үшінші жыл қатарынан Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен "Шахтер" стадионы жүзеге асыруда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы