Қарағандылықтар сайлауға белсенді қатысуда

Облыстағы 657 сайлау учаскелеріне келіп, өз дауыстарын берушілердің қатары әлі де толастамауда. Сайлау учаскелері сайлаушылардың 20.00-ге дейін қабылдайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қарағандыда сайлау науқанына қаланың танымал тұлғалары, зиялы қауым өкілдері белсенді қатысып, жастарға үлгі көрсетуде. Олардың арасында қазақстандық суретші Кәріпбек Күйіков, белгілі өлкенушы Тұңғышбай Мұқан, профессор, тарих ғылымдарының кандидаты Нұрсахан Ахметқызы бар.

Қарағандылық белгілі өлкентанушы Тұңғышбай Мұқан №168 сайлау учаскесіне бірінші болып келді. Осылайша өзінің азаматтық белсенділігін көрсетті. 

«Бүгін елімізде саяси науқан, мереке. Халқымыздың болашағы үшін әр азамат таңдау жасайтын күн. Халықтың сөзін сөйлеп, жоғын жоқтап, қоғамға пәрменді өзгерістер әкелетін, Алланың қалауындағыдай әділеттілік аңсап күткен, ар жолында абырой арқалап жүрген, елімізге еңкейіп иілетін, өткеніне өкініп, болашағына күш-қуатымен қызмет ететін азаматтарға дауыс берейік. Еліміздің болашағы жарқын,  ел іргесі берік, мызғымас болсын!», - дейді Тұңғышбай Өміртайұлы.

Өзінің сайлау құқығын пайдаланғандар қатарында бүгін жас жұбайлар Серғазы Рахымжан мен Марал Ерболатова да бар.

«Біз 2021 жылы таныстық. Содан бері біргеміз. АХАЖ-ға өтініш берген кезде 19 наурыз сайлау болатынын білмедік. Бүгін біз үшін қос мерке. Өзіміздің азаматтық борышымызды орындау үшін сайлау учаскесіне келіп, дауыс бердік. Бұл біздің еліміз үшін, болашағымыз үшін маңызды», -  дейді жас жұбайлар. 

Дауыс берушілердің арасында кәмелеттік жасқа толып, алғаш рет дауыс беріп жатқандар да бар. Солардың бірі – Назым Құршанбек. Ол өзінің азаматтық құқығын пайдаланып, №79 сайлау учаскесінде дауыс берді. Оның айтуынша, 18 жасқа толғаннан кейін алғаш рет сайлауға қатысып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қарағанды қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы