Қарағандылық тұрғыннан синтетикалық есірткі мен оқ-дәрілер тәркіленді

Қарағандылық тұрғыннан полицейлер синтетикалық есірткі мен оқ-дәрілер тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Қарағанды облыстық полиция департаменті және Абай аудандық полиция басқармасының есірткіге қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлерімен “Қарасора – 2023” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында есірткі заттарын сақтау және сату күдігі бойынша 36 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны ұсталды.

Күдіктінің үйіне жүргізілген тінту жұмыстары барысында полиция қызметкерлері 100 орам пакет, электронды таразы сондай-ақ ерекше иісі бар ұнтақ тәрізді заттар тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар 76 грамм синтетикалық есірткі екені белгілі болды, – дейді Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов.

Сондай-ақ, ұсталған азаматтың көлігін қарау барысында полиция қызметкерлері оқ-дәрілер тәркіленді. Оған қатысты баллистикалық сараптама тағайындалды. Күдікті қылмысы бойынша мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-тармағы ( Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша және ҚР ҚК-нің 287-бабына (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сәйкес қылмыстық істер қозғалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы