Қарағандылық тұрғындар көпірден секірмек болған адамды құтқарып қалды

Қарағандылық тұрғындар көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

25 маусым күні сағат 21:30-да белгісіз азамат Бұқар жырау даңғылындағы көпірден секірмек болған. Өз-өзіне қол салмақ болған азаматты сол жерден өтіп бара жатқан адамдар түсіріп алып, полиция жасағына берді, - делінген Полиция таратқан ақпаратта.

Полиция қызметкерлері 29 жастағы қала тұрғынына қатысты әкімшілік іс бастады. 

Спирттік ішімдік ішіп алған ер адам бұл әрекетке бұрынғы әйелінің тұрмыс құрғанын естіген соң барған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы