8 Сәуір 2024 2024, 12:02
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі
Қарағандылық құтқарушылар СҚО-ға көмекке аттанды
Қарағандылық құтқарушылар су тасқынына қарсы күресте Солтүстік Қазақстан облысына көмекке кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қарағандылық құтқарушылар су тасқынына қарсы күресте Солтүстік Қазақстан облысына көмекке кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олар авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге тартылатын болады.
Қарағанды облысы ТЖД жеке құрамының жетпіс адамы, 11 бірлік техника, 6 жүзу құралы және 27 су айдау құралы СҚО-ға жіберілді.
Құтқарушылар межелі жерге әлі жеткен жоқ. Олар өңірдің су тасқыны қаупі бар учаскелерінде қажетті көмек көрсетеді. Еріген суды сорып, траншеялар салып, қап дайындап, бөгеттерді нығайтатын болады, – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында өткен аптада су тасқыны тұрақталды. Аймақ үлкен шығындарсыз су тасқыны кезеңінен өте алды.