Қарағандылық құтқарушы Грекияда әлем чемпионатында жеңіске жетті
Қарағандылық құтқарушы Грекияда гір көтеруден өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Белгілі болғандай, Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкері Александр Комаров жеңіс тұғырына көтерілді. Ол 10-15 қазан аралығында Грекияда Корфу аралында өтіп жатқан гір көтеруден әлем чемпионатында алтын медальді иеленді.
Сондай-ақ Қостанай қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі Дмитрий Балацко гір спорты бойынша Әлем чемпионатында Қазақстанды лайықты түрде танытты.
30-дан астам елдің өкілдері чемпиондыққа таласқан беделді жарыста Дмитрий екі дисциплинада медаль жеңіп алып, өзінің жоғары дайындығы мен шеберлігін көрсетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде 2026 жылы "Болашақтың ойындары" өтеді
Келесі жаңалық
Ұлттық банк жаңа монеталарды айналымға шығарды
Өзгелердің жаңалығы