Қарағандылық полицейлер ақша бопсалаған қылмыстық топты құрықтады

Күдіктілер жәбірленушілерге күш қолдану арқылы тауарлық несие алдырған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қарағанды облыстық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне белгісіз тұлғалар жастары 18 бен 20 аралығындағы үш азаматтан ақша мен мүлік бопсалады деген ақпарат түсті. 

Күдіктілер жәбірленушілерге күш қолдану арқылы 27 және 57 мың теңге шағын несие рәсімдетіп, сонымен қатар 850 мың теңгеге тауарлық несие алдырып, кейін несиеге алынған телефонды өздері тартып алған. Аталған дерек бойынша полицияда Қазақстан Республикасы ҚК-нің 194-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен “Арлан” арнайы мақсаттағы бөлінісі қызметкерлерінің бірлескен жұмыстарының нәтижесінде осы іске қатысы бар деген күдікпен 18 бен 20 жас аралығындағы үш азамат ұсталды. Ұсталғандардан айғақ заттар тәркіленді. Сонымен қатар күдіктілердің бірінен тапанша алынды. Күдіктілердің екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деді Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Санжар Адилов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы