Қарағандылық оқушы АҚШ-тың тұңғыш ғылыми университетіне шақырту алды

Қарағанды қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Адина Джайлова Джонс Хопкинс университетіне  шақырту алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Джонс Хопкинс университеті – АҚШ-тың алғашқы ғылыми университеті. Бүгінде бұл оқу орны АҚШ-тың басқа академиялық мекемелеріне қарағанда зерттеулерге көп қаражат бөледі. Сонымен қатар АҚШ-тағы оқыту мен зерттеуді біріктіріп, білім беру саласында революция жасаған алғашқы оқу орны ретінде танымал. Бұл университет түлектері арасында Нобель сыйлығының 27 лауреаты бар.

Джонс Хопкинс университеті АҚШ-тың үздік он оқу орнының қатарына кіреді, QS университеттерінің әлемдік рейтингінде 24-ші орында. Университетке түсу рейтингі 6,5% құрайды.

Университетте Адина биохимия саласы бойынша білім алуды жоспарлап отыр.

Нақты мамандықты екінші курстың аяғына қарай таңдай аламын. PhD дәрежесін алып, Қазақстанда ғылымның дамуына үлесімді қосқым келеді, - дейді Адина.

Адинаға сонымен қатар University of Pittsburgh, Michigan State University мен Northeastern University сияқты оқу орындарынан шақырту келді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: facebook.com/nis.karaganda
Өзгелердің жаңалығы