Қарағандылық оқушы «Абай жолы» негізінде үстел ойынын ойлап тапты

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-оқушысы Томирис Бақыт Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы негізінде «Absolutely obsolete» үстел ойынын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл ойын жас буынға бос уақытын қызықты өткізіп қана қоймай, қазақ әдебиеті мен этномәдениетін терең түсінуге көмектеседі. Томириске үстел ойынын жасау идеясы «Абай жолы» романын оқығанда келген.

«Абай жолының» бірінші томын оқығанда көп сөздер мен салт-дәстүрлерді түсінбедім. Қатарластарымнан сұрастырғанда, оларда да осындай мәселе бар екенін білдім. Сол себепті шығарманы түсініп оқып, сөздік қорды арттыру мақсатында осындай үстел ойынын жасап шықтым, – дейді Томирис.

Алдағы уақытта Томирис жетекшісі Бақыт Мекеевамен бірге жобаны жетілдіруді көздеп отыр.

Алдағы уақытта жобаға «Абай жолындағы» кейіпкерлер мен рулар жайлы бөлім енгізуді жоспарлап отырмыз. Ашып айтқанда, рулас кейіпкерледі анықтайтын, кейіпкерледің шығармадағы рөлін, олар қатысқан оқиғалар жайлы сұрақтар бар карталар қоссақ дейміз, - деді ол.

Absolutely obsolete үстел ойынында қазір 60 карта бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: НЗМ
Өзгелердің жаңалығы