10 Қазан 2025, 09:42
Фото: видеодан скриншот
Қарағандылық фермер 17 жылқыны атып тастады
28 қыркүйекте Заречное ауылының маңында даладан оқ тиген 17 жылқы табылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
28 қыркүйекте Заречное ауылының маңында оқ тиген 17 жылқы табылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша, жергілікті фермер көлікпен жылқыларды қуып жүріп, оларға оқ атқан. Жылқыларды қырып салған күдікті жердің иесі екені анықталды.
Басқа адамның мүлкін қасақана жою фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері аталған қылмысты жасады деген күдікпен 53 жастағы Нұра ауданының тұрғынын анықтап, полиция бөлімшесіне жеткізді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Астанада ұрланған малды сойып, етін сатып жіберген қылмыстық топ ұсталғанын хабарладық.
- Қазақстанда цифрлық активтерден түскен табысты салықтан босату ұсынылды 11:17
- Тоқаев Hyundai басшысымен кездесті: Қазақстанда автокөлік өндірісінің жаңа кезеңі басталмақ 11:03
- Қазақстанда цифрлық активтер саласында 34 жоба іске асырылып жатыр 10:54
- Атырауда дроннан күдікті зат салынған 11 пакет табылды 10:50
- Тоқаев Lotte басшысымен кездесті: Қазақстанда жаңа қонақүйлер салынады 10:31
- ҚМА алаяқтардың Агенттік атынан жалған хат таратып жүргенін ескертті 10:18
- Жала жауып, жазасыз қалуға бола ма? Қазақстанда жалған айғақ бергені үшін қандай жаза бар 10:00