Қарағандылық еріктілер 15 отбасына азық-түлік себетін жеткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маусым айында қарағандылық еріктілер 15 әлеуметтік қорғалатын отбасына азық-түлік таратып, көмек көрсетті.
Акция одан әрі жалғасады. Азық-түлік себеттерін барлығы 90 адам алады.
Көмек жалғыз басты қарт адамдарға, көп балалы аз қамтылған отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көрсетіледі. Тізімдерді әкімдіктен, сондай-ақ "Шаңырақ" көп балалы отбасыларды қолдау орталығынан аламыз. Жастарды Instagram-дағы @qaragandy_jastary парақшасына жазу арқылы біздің командаға қосылуға шақырамыз, – дейді Қарағанды Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Якуб Джамалов.
Азық-түлік себеті ұн, қант, қарақұмық, күріш, сүт, макарон, печенье, шай, күнбағыс майы, тұз, бұқтырылған ет консервілерінен тұрады.
Әлеуметтік жоба Қарағанды Жастар ресурстық орталығының қолдауымен "Қазақстан азаматтары" ҚБ мемлекеттік тапсырысы бойынша жүзеге асырылуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Кореяда қазақстандық кино фестивалі ашылды
Өзгелердің жаңалығы