Қарағандылық бойжеткен желіде алауыздық қоздырғаны үшін қамалды

Қарағанды облысында әлеуметтік желіде ұлтаралық араздықты қоздырды деген күдікпен 22 жастағы қала тұрғыны ұсталып, екі ай мерзімге қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желілерді тұрақты бақылау барысында аталған құқықбұзушылықты анықтаған.

Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында 22 жастағы қарағандылық тұрғын Theads әлеуметтік желісінде ұлтаралық араздық белгілері бар жазба жариялағаны анықталды. Тергеу органдарына күдіктінің елден шығуға ниетті екені белгілі болған соң, оны қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш берілді. 22 шілде күні Қарағанды қаласының тергеу соты бұл өтінішті қанағаттандырып, тергеу мерзіміне екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, – деді Қарағанды облысы полиция департаменті.

Алика Мұхамадиеваның ұсталуына, «Қазақстан несімен танымал?» деген сауалға "мамбетами" деп жауап беруі себеп болған. Мұхамадиева өз мәлімдемесінен кейін халықтан кешірім сұраған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы