Қарағандылық боксшылар Головкин мен Сәпиев комикс кейіпкерлеріне айналды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Baurzhan foundation қайырымдылық қоры мен Khan Comics арт-студиясы Қазақстан тарихы туралы комикс шығарды. 

Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сурет ретінде келтірілген әңгімелер маңызды мәдени және саяси оқиғалар, танымал тұлғалар, соның ішінде Геннадий Головкин, Серік Сапиев, Димаш Құдайберген туралы баяндайды.

Кітапты әзірлеу барысында еліміздің түкпір-түкпірінен 20 суретші жұмыс істеген, комикске 70 иллюстрация кірді. Олардың барлығы «Тарихым – бүгінім, ертеңім!» жас иллюстраторлар байқауының жеңімпаздары.

Комикстің 5 000 данасы шығарылды, олар Қазақстанның кітапханаларына, балалар үйлеріне, жалпы білім беретін мектептеріне тегін таратылады.

Бұл бастама Samruk Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауының арқасында мүмкін болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы