Қарағандылық 10 жасар креатор авторлық ертегілер жазады

Бүгін қарағандылық Платон Нечаев авторлық кітаптарын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның әңгімелері түрлі оқиғалар мен кейіпкерлерге, сүйікті қаласы Қарағандыға, және оның тарихына арналады. Кітапта жас автор тереңнен от тауып, залым рухтармен күрескен кішкентай әрі батыл шопан Аппақ туралы жазады. Кейіпкер достарымен бірге шынайы, адал достық пен туған жерге деген сүйіспеншілік ғажайып тудыратынын дәлелдейді. Оқушы Қарағанды туралы, адамдарға қала салуға көмектескен сиқырлы ағаштар туралы жазады. Осы таңғажайып оқиғалардың тағы бірінде қар барысы сияқты батыл кейіпкерлер мен протезі бар ақбөкен Олимпиадаға бару арманын орындайды. Кішкентай автор өз жұмысының иллюстрацияларын жасанды интеллект арқылы жасайды.

Менің кейіпкерлерім көпке үлгі болып, шабыт сыйлап, әлем арманшыл жандарға, болашақ сәулетшілерге, экологтарға, зерттеушілер мен чемпиондарға толғанын қалаймын, - дейді Платон Нечаев.

Жас жазушы кітаптабының тұсаукесері балаларды қорғау күніне арналған жазғы жәрмеңке аясында өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы