Қарағандыдан Екатеринбургке автобустар жүре бастайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды автовокзалының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 мамырдан бастап Қарағанды – Екатеринбург (Петропавл, Челябинск және Қорған арқылы) бағыты бойынша рейс іске қосылады.

Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

 Автобус әр бейсенбі және жексенбі күндері жүреді. Жүру уақыты – 06:10.

Жол жүру құны – 18 мың теңге.

Билеттерді Теміртау, Топар, Шахан, Шахтинск, Ақтас, Қарқаралы автостанцияларының кассаларында, сондай-ақ автовокзалдар терминалдарында сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін түскі үзіліссіз және демалыссыз сатып алуға болады.

Билеттерді интернет, интернет-банкинг, Qiwi терминалдары және «Касса-24» арқылы банктік картаның көмегімен жөнелтуге дейін 30 күн бұрын тәулік бойы онлайн брондауға және сатып алуға болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы