Қарағандыдағы жарылыстан зардап шеккен екі адамның қазіргі жағдайы қалай

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы екі пәтерлі тұрғын үйдегі жарылыстан зардап шеккен екі адамның жағдайы туралы хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның бірі ауыр жағдайда жатыр.

Ер адам реанимацияға жатқызылды. Денесінің 40% күйік шалған. Жағдайы ауыр. Қыз баланың халі орташа ауыр. Басы мен аяқтары бірнеше жерінен жараланған. Ауруханаға жатқызылды, хирургиялық көмектің қажеті жоқ, консервативті ем жасалып жатыр», — деп түсіндірді Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Еске сала кетейік, бүгін таңғы 03:30 шамасында Қарағанды қаласында екі отбасына арналған тұрғын үйде жарылыс болды.

Үйді жылытатын бу қазандығы жарылып, салдарынан ғимарат опырылып қалған.

ТЖД күшімен үйінді астынан 1966 жылы туған ер адам мен 2008 жылы туған қыз бала шығарылып, медициналық жедел жәрдем бригадасына берілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы