Қарағандыдағы «Солтүстік айналма жолына» қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қарағанды қаласы Солтүстік айналма жолы» автожолының 15,6 шақырымында қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
«Жолшылар жол жабынының төменгі және жоғарғы қабатын төсеп, жер қазу жұмыстарын жүргізіп, су өткізгіш құбырларын орнатқан. Бүгінде учаскедегі көпірлердің құрылысы жалғасуда», - делінген хабарламада.
Қайта жаңарту жұмыстары толық аяқталғаннан кейін, тасжол сағатына 120 шақырым жылдамдықпен жүру рұқсат етілген, 4 жолақты, І «Б» техникалық санатына келтіріледі.
«Қарағанды қаласы Солтүстік айналма жолы» автожолын қайта жаңарту жұмыстарына 250 адам мен 110 бірлік жол-құрылыс техникасы жұмылдырылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ортақ мәселелерді шешу үшін бірге жұмыс істеу керек – Шентоп
Өзгелердің жаңалығы