Қарағандыдағы газ баллон жарылысынан 2 адам қаза болды

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ботақара кентіндегі пәтердегі жарылыстан 2 адам қаза тапты. Бұл мәліметті ауданы әкімі Абылай Сұлтанғали растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқыс оқиғаға байланысты жедел штаб жұмысы ашылып, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде 8(7212) 51-72-23 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істеп жатыр.

Өздеріңіз білетіндей, екі қабатты тұрғын үйде газ баллоны атылды. Өкінішке орай екі адам қайтыс болды. Қаза тапқандардың отбасылары және жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Зардап шеккен тұрғындарға көмек ұсынылып, уақытша орналастырылды. Біз қазір оқиғаны реттеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатырмыз. Жағдай облыс әкімінің бақылауында деп жазды Facebook парақшасында аудан әкімі.

Сондай-ақ Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Бұқар Жырау ауданы Ботақара кентінде орналасқан пәтердегі жарылысқа байланысты соңғы мәліметтерді ұсынды. Он екі пәтерлі тұрғын үйде 46 адам тұрса, жарылыс кезінде үйде 35 адам болған.

Үйде барлығы 46 адам тұрса, жарылыс кезінде үйде 35 адам болған. Сағат 00:11-ден бастап 03-37-ден құтқару жұмыстары кезінде үйінді астынан 2 өлі және 5 жаралы адам табылды. Түрлі дене жарақаттарымен Бұқар Жырау аудандық ауруханасына 3 бала жеткізілді. Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде 8-7212-517223 сенім телефоны ашылды. 25 азаматқа жедел психологиялық көмек көрсетілді делінген ТЖД мәліметінде.

Еске салсақ, 30 қаңтарда, сағат 00.07-де он екі пәтерлі тұрғын үйдің екіші қабатындағы пәтерінде газ баллоны жарылған болатын. Оқиға орнына жеткен төтеншеліктер 6 адамды үйінді астынан шығарды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы