Қарағандыдағы «Алаш саябағы» қашан ашылады
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жауап берді, деп хабарлайды BAQKZ тілшісі.
Қарағанды қаласында «Алаш саябағы» толық ашылып, пайдалануға берілмеген секілді. Осы саябақ неге кешігіп жатыр? деп журналистер сауал қойды.
Дұрыс айтасыз, ол саябақ ашылған жоқ. Бұл - 3 жылдық жоба. Бұрын ол жер қараусыз болған еді. Кейінен өзіміз шешім қабылдап, жоба жасалған. Сонымен қазір жұмыс істеп жатыр. Біраз жұмыстарын бітірді. Ендігі жылы тағы да аяқтайтын тұстары бар. Біз 2025 жылы аяқтап беремі, - деді облыс әкімі.
Біз бұған дейін Қарағанды облысының әкімі сөгістен кейінгі жаңа жылдық сыйақысы туралы жазған едік.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Қылмыс жасаса, ол кім болса да, жазаға тартылуы керек". Қожаназаров Алмасбек Садырбаев туралы
Келесі жаңалық
Исламабадта Қазақстан – Пәкістан саяси консультациялары өтті
Өзгелердің жаңалығы