Қарағандыда жұмыс табу оңай бола түсті

Енді автобуста жүріп бара жатып та жұмыс табуға болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше, қарағандылықтар қоғамдық көлікте орналастырылған QR-кодтар арқылы бос жұмыс орындары, қайта оқыту және өз ісін ашуға грант алу мүмкіндіктері туралы біле алады.

Біз адамдарды жаппай қамту үшін QR кодтарды алты қалалық бағыттың 40 автобусына орналастырдық. Enbek.kz порталына сілтеме бойынша өткеннен кейін жұмыссыздар жұмыс таба алады, түйіндеме қалдыра алады, жұмысынан айрылуына байланысты төлем алуға қажетті құжаттарды, қайта оқуға өтініш бере алады, грант алу мүмкіндігі туралы біле алады. Сондай-ақ, "Жастар практикасы", "Ұрпақтар келісімшарты", "Алғашқы жұмыс орны", "Әлеуметтік жұмыс орны", "Қоғамдық жұмыстар", "Күміс жас"жобалары туралы ақпарат орналастырылған, – дейді Қарағанды қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Нұржан Сыздықов.

Бүгінгі таңда қалада барлығы 1700 жұмыссыз тіркелген. Бұл ретте 2000 бос жұмыс орны бар.

Сондай-ақ жақын арада қалааралық маршруттық автобустарда ұқсас QR-кодтар пайда болады. Бұған дейін біз оларды супермаркеттерде және кейбір емханаларда орналастырдық. Бұдан басқа, Қарағандыда WhatsApp жедел желісі жұмыс істейді, оның көмегімен жұмыссыз қала тұрғындары жұмыс таба алады. Ол үшін +7-775-644-35-80 нөміріне хабарлама жіберу немесе 96-63-93, 99-63-94 нөмірлеріне қоңырау шалу керек. Біздің Жұмыспен қамту орталығы Бұқар жырау, 51/4 (1-қабат) мекенжайында орналасқан, – дейді Нұржан Сыздықов.

Жыл соңына дейін кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы бойынша белсенді жұмыспен қамту шараларымен Қарағандының 7600 тұрғынын қамту жоспарлануда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қарағанды облысы әкімдігінен
Өзгелердің жаңалығы