Қарағандыда жүк көлігі мен тепловоз соқтығысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға кеше Бытовая көшесінде сағат 17.22 шамасында болған. Қарағанды ​​облысы ДП баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Бұл кадрлер әлеуметтік желіде тарап кетті.  Онда өткел бойымен қозғалып келе жатқан тепловозға жылдамдығын бәсеңдетіп үлгермеген жүк көлігін көрсетеді.  Салдарынан локомотив жүк көлігінің кабинасына соғылған. 

Ведомствода бұл жағдайды растады.  

32 жастағы КамАЗ жүргізушісі Бытовая көшесімен Бұқар жырау даңғылы жағынан Асфальтная көшесіне қарай жүріп келе жатқан. Ол теміржол өткелінде тепловозмен соқтығысқан. Апат салдарынан көліктерге зақым келген. КамАЗ жүргізушісі медициналық көмекке жүгінген жоқ, - дейді ведомствода. 

Сондай-ақ ПД бұл аумақта көктайғақ болмағанын, бағдаршамның дұрыс жұмыс істегенін, жол белгілерінің де бар екенін атап өтті. 

Аталған факті бойынша сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - деді ведомствода. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы