Қарағандыда жолаушылар мінген автобус көлікпен соқтығысты

Бүгін таңертең Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында Балқаш – Алматы бағытымен қатынаған рейстік автобус жүк көлігімен соқтығысып, жарамсыз күйге түсті. Автобус жүргізушісі құтқарушылардан көмек сұраған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, істен шыққан автобустан 48 жолаушыны эвакуациялады. Барлық адам аман-есен Балқаш қаласының автовокзалына жеткізілді.

Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге, әсіресе көріну шектелген жағдайда, қауіпсіз жылдамдықты сақтаудың маңызын еске салды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан скриншот
Өзгелердің жаңалығы