Қарағандыда жолақы арзандайды
Қарағанды өңірінің қалааралық автобустарында жол ақысысы бірден екі есе арзандайды. Себебі облыс орталығынан Теміртау, Шахтинск, Саран, Топар, Шахан секілді жақын маңдағы шағын шаһарларға қатынайтын 7 рейске электронды жүйе енгізілгелі отыр. Сөйтіп барлығына ортақ тариф бекітіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мысалы бұған дейін Шахтинск қаласына жол құны 190 теңге болса, енді карта арқылы тек 80 теңге төлейді. Ал ақшалай төлейтіндер үшін ескі тариф сақталады. Сонымен қатар бұл маршруттарда «Әлеуметтік» және «Зейнеткер» карталарының иелері үшін жеңілдіктер болмайды. Бұл туралы Хабар24 жазды.
Мамандардың айтуынша, қазір осы 7 рейс бойынша күніне орташа есеппен 16 мың, ал айына шамамен 500 мың адам қатынайды екен. Электронды жүйені енгізген кезде жолаушылар саны тағы ұлғаяды деген болжам бар.
Біз жолаушылар ағыны ұлғаяды деп жоспарлап отырмыз. Себебі бұл жүйе кірістердің ашықтығын қамтамасыз ететін болады. Мысалы бізде қазір тұрақты емес тасымалдаушылар бар, жеке кәсіпкердің қызметіне жүгінетін. Кішкентай автобустар. Соның бәрі тариф төмендегеннен кейін біздің маршруттарға қарай ауысады деген жоспарлар бар. Сондықтан шығын саны, залалдар айтарлықтай көбеймеуі тиіс, - дейді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Қазыбек Мақышев.