Бүгiн 2026, 11:47
Фото: freepik.com
Қарағандыда жол апатынан бес адам зардап шекті
Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Қарағандыда үш көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан бес адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қарағанды облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, апат 4 сәуірден 5 сәуірге қараған түні шамамен түн ортасында Көгілдір тоғандар ауданында болған. Соқтығысқа Chevrolet Cobalt, BMW және Lada Priora көліктері қатысқан.
Жол апаты салдарынан бес адам жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді.
Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.