Қарағандыда жаппай төбелес болды
Барлық мән-жайды анықтау мақсатында аумақтық полиция бөліміне 16 адам жеткізілген. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданбақ.
Қарағанды қаласындағы бір супермаркеттің жанында жастар тобы жиналып, олардың арасында қақтығыс шығуы мүмкін деген хабарлама полицияға түскен. Оқиға орнына барған полицейлер 16 адамды ұстады. Бұл туралы ақпаратты "Астана" телеарнасы таратты.
Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері жетіп, жағдайдың одан әрі шиеленісуіне жол бермей, құқыққа қайшы әрекеттің алдын алған.
Әлеуметтік желілерде таралған бейнежазбада бірнеше адамның супермаркет жанындағы асфальтта жатқаны, ал олардың қасында арнайы жасақ қызметкерлерінің тұрғаны көрінеді.
Барлық мән-жайды анықтау мақсатында аумақтық полиция бөліміне 16 адам жеткізілген. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданбақ.
Қарағанды облысы полиция департаменті қоғамдық тәртіпті бұзуға бағытталған кез келген әрекеттің ерекше бақылауда екенін еске салады. Полиция мұндай хабарламаларға болашақта да жедел түрде әрекет етіп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қолдана беретінін мәлімдеді.
- ЕО-ның бес елі мигранттарды Руандаға депортациялауға келісті 05:43
- Шымкентте дарынды балаларға арналған лицейдің жатақханасынан өрт шықты 03:46
- Биткоин 60 мың долларға дейін құлдырауы мүмкін: криптонарықта алаңдаушылық күшейді 02:50
- Астанада мас күйінде электромопед жүргізген жігіт 20 тәулікке қамалды 01:45
- Елімізде техногендік қалдықтарды игеру құқығы аукционға шығарылады 00:25
- Қойма мен жүк көліктері өртенді 16.11.2026
- Қазақстанда фермерлік кәсіпорындар саны 21 мыңға жетті 16.11.2026