13 Наурыз 2026, 15:30
Фото: видеодан алынған кадр
Қарағандыда жантүршігерлік апат: Жеңіл көлік бағанаға соғылып, темір үйіндісіне айналды
Chevrolet автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жол жиегіндегі бағанаға бүйірімен соғылған.
Қарағанды қаласында Chevrolet маркалы автокөлік жол жиегіндегі бағанаға соғылды. Жол-көлік оқиғасы Шығыс айналма жолында болды. 26 жастағы жүргізуші медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жол-көлік оқиғасы 12 наурыз күні сағат 11:20 шамасында Шығыс айналма жолында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, Chevrolet автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жол жиегіндегі бағанаға бүйірімен соғылған. Салдарынан көлік қатты зақымданып, дерлік темір үйіндісіне айналған.
Соған қарамастан, 26 жастағы жүргізуші аман қалған.
Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жүргізушінің медициналық мекемеге жеткізілгенін хабарлады.
Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, - делінген ведомство хабарламасында.
- Ұлттық қауіпсіздік қалқаны: ҰҚК төрағасы ел қауіпсіздігі туралы айтты 17:40
- Тегін отаны ақылы қылған: Атырауда хирург пациенттердің де, МӘМС-тің де ақшасын жымқырған 17:34
- Нақты табыс алғаш рет өсті: Айбар Олжай мұның мәнін түсіндірді 17:20
- Алматыда автобус жол жөндеу орнындағы шұңқырға түсіп кеткен 17:08
- Жамбыл облысында көкпар кезіндегі жанжал атыспен аяқталды 17:01
- Қазақстан қыстың қамына кірісті: Қанша мал азығы дайындалды? 16:47
- «Бави» тайфуны мен нөсер жаңбыр: Қытайда қауіптің қызғылт сары деңгейі сақталуда 16:25