Қарағандыда жаңа жедел жәрдем қосалқы станциясы ашылды
Қарағандыда жедел медициналық жәрдем жаңа қосалқы станциясы іске қосылды. Ол Сұрыптау тұрғындарына қызмет етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жаңа ғимаратта 40 адам, екі бригада жұмыс істейді. Олар жылына 25-тен 50 мыңға дейін қоңырау қабылдай алады.
Жаңа қосалқы станцияның ауданы мың шаршы метрден асады.
Негізгі ғимаратта қызметкерлерге арналған демалыс бөлмелері орналасқан. Сондай-ақ симуляциялық класс жабдықталған, ҚМУ КЕАҚ кафедрасы негізделетін болады.
Аумақта жедел жәрдем машиналарын жөндеуге арналған ангар мен гараждар қарастырылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бүгін – Мұстафа Өзтүріктің туған күні
Өзгелердің жаңалығы