Қарағандыда тұрғын үйдің бу қазандығы жарылды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бүгін сағат 03:30-да Қарағанды қаласының тұрғын үйінде жарылыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, екі отбасылық үйдегі бу қазандығы жарылып, ғимарат толық опырылып түскен.

Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін №2 пәтерден бес адам, оның ішінде екі бала өз бетімен шығып кетті. Төтенше жағдайлар қызметінің күштері үйінді астынан ер адамды шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды", - деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

Төтенше жағдайдың салдарын жоюға 24 адам мен 6 техника жұмылдырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы