17 Тамыз 2025 2025, 06:19 Фото: pixabay.com

Қарағандыда тұрғын үйден өрт шықты

Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы ауданындағы Восток ықшам ауданында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы ауданындағы Восток ықшам ауданында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар пәтер ішіндегі жиһаз жанғанын анықтады. Түтін басқан үйден 15 адам, оның ішінде 8 бала баспалдақ арқылы эвакуацияланды, – деп жазылған ТЖМ мәліметінде.

Қосымша екі тұрғын арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен шығарылды.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында тілсіз жау шағын аумақта оқшауланып, толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - деп жазды ведомстводан.

Өрт шыққан пәтердің иесі құтқарушыларға кәсібилігі мен жедел іс-қимылы үшін алғыс айтты.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.