Қарағандыда тұрғын үйдегі ірі өрттің себебі айтылды

Қарағанды облысының ТЖД бастығы тұрғын үйде болған өрттің себебін хабарлады. Үйдің төбесі толықтай өртеніп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды облысының ТЖД бастығы Мұрат Катпановтың айтуынша, өрт 5-қабаттағы пәтердің балконында пайда болған. Кейін от ғимараттың бүкіл шатырын шарпыған.

Болжам бойынша ғимараттың шатырының жалпы ауданы 840 шаршы метрді құрайды. От шатырды толығымен шарпыған. Өрт шамамен күндіз сағат үште пайда болды. Өртті бір сағат ішінде, сағат 16.00-де ауыздықталып, 16.23-те жойылды. Барлығы 37 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды. Өртті жоюға 88 адам мен 17 техника жұмылдырылды, - деді Мұрат Қатпанов.

Қазіргі уақытта су төгу жұмыстары жалғасуда. Жергілікті жерде өрттің себептерін анықтау бойынша арнайы бөлімшелер жұмыс істеуде.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қарағандыдағы көпқабатты үйлердің бірінің шатыры өртенген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы