Қарағандыда тұрғын үй өртенді

Қарағанды облысы Саран қаласында бір қабатты тұрғын үйде өрт орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 150 шаршы метр аумақты өрт жайлаған.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында 150 шаршы метр аумақтағы өрт сағат 21-46-да жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі – пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы, - делінген ведомство хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы