Қарағандыда тұрғын үй өртенді
Қарағанды облысының құтқарушылары тұрғын үйдегі өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Қарағанды қаласында Мұнай базасы көшесінде екі пәтерлі тұрғын үйдің шатырының ағаш торы, сондай-ақ жалпы ауданы 150 шаршы метр пәтердің ағаш жабыны, жиһазы мен үй заттары жанған.
Құтқарушылардың жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - делінген ведомство хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жел екпіні күшейеді: Құтқарушылар елордалықтарға ескерту жасады
Келесі жаңалық
Қазақстан күрес федерациясына жаңа президент сайланды
Өзгелердің жаңалығы