Қарағандыда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді
Қарағанды облысындағы терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
18 сәуірінде сағат 10.00 - 14.00 аралығында Cарань қаласының мәдениет үйінде (Жамбыла к-сі 69) Сарань қалалық басқармасы жедел штабының терроризм актілеріне жедел әрекет ету шеңберінде терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізіледі.
Аталған объектілер айналасында шектулер қарастырылды.
Осыған орай, азаматтарды түсінушілікпен қарауды, сабырлық сақтауды, үрейге бой алдырмауға және шараға қатысатын мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды, ресми БАҚ ақпараттарына ғана сенулеріңізді сұраймыз, - делінген Сарань қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы таратқан хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодарда су басу қаупі толығымен жойылды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы