Қарағандыда «Терезедегі Ту» акциясы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Қарағандыда «Терезедегі Ту» патриоттық акциясы басталды. Шараны ішкі саясат бөлімі мен Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

Шахтер астанасының орталығында, «Қарағанды» қонақ үйінің балкондарында мемлекеттік тулар ілінді. Қала тұрғындарын алдағы мерекелерімен қаланың белсенді жастары құттықтады. Еріктілер қарағандылықтарға жалаулар мен магниттер таратты.

Сондай-ақ ел Тәуелсіздігі күніне орай мәдениет, білім және спорт мекемелерінде ардагерлер, жастар, қоғамдық пікір көшбасшыларының қатысуымен тақырыптық бағдарламалар, концерттер, кездесулер өтеді.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы