Қарағандыда шие бағы пайда болады
Астана, BAQ.KZ. Шие бағы мен үш мың ағашты Оңтүстік-Шығыс пен Майқұдық арасында пайда болатын жаңа триатлон-бақ аумағына отырғызу көзделді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Алғашқы ағаш отырғызу осы жылдың сәуір айында жоспарланған. Саябақ аумағында терек, үйеңкі және шырша өседі.
Үш мың ағашты үш жыл ішінде отырғызбақ. Осы уақыт ішінде «Eurasia Building» құрылыс салушылары шие саябағын салады.
«Бұл жер серуендеуге арналған саябақ болады. Көктемде өте әдемі. Мұндағы ағаштар мен саябақты Қарағанды қаласының саябақтар және гүлбақтар басқармасы қадағалайды», - дейді триатлон-паркінің жоба жетекшісі Дарья Михайлюк.
Жаңа триатлон паркінде жүгіруге және велосипед тебуге арналған жолдар мен фонтандар болады. Ол халықаралық стандарт бойынша салынады әрі бұл чемпионаттар мен жарыстар өткізуге үлкен мүмкіндік.
Оған тек спортшылар ғана емес, қала тұрғындары да барып демала алады. Сондай-ақ жаңа саябақта жүгірумен айналысып, велосипед тебе алады.
Қыста шаңғы жолдары мен мұз айдындары ұйымдастырылады.
Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жаңа саябаққа екі кіреберіс жол мен үлкен автокөлік тұрағы жасалады.
Қарағандыда триатлон-паркін салу идеясын – «Евразия Билдинг» компаниясы ұсынды. Бұл жоба-коммерциялық емес, жұмыстар аяқталғаннан кейін парк қалалық билікке тегін беріледі. Оны осы жылдың қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.