Қарағандыда шенеунік мас күйде ұсталып 15 тәулікке қамалды

Қарағанды облысында жол полициясы алкогольдік масаңдық белгілері бар мемлекеттік қызметкерді тоқтатып, тексерістен өтуді ұсынды. Алайда азамат сараптамадан бас тартып, қымыз ішкенін алға тартқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сот бұл уәжді негізсіз деп танып, 15 тәулікке қамау және 8 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру туралы шешім шығарды.

21 ақпанда жол-патрульдік полициясы Абай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысын тоқтатқан.

 Тәртіп сақшылары оның ішімдік ішті деп күдіктенгендіктен медициналық сараптамадан өтуді сұраған. Алайда шенеунік алкотестердің дұрыстығына күмән келтіріп, тексерістен өтуден бас тартқан. 

Сот оның бұл әрекетін заңға қайшы деп танып, мынадай жаза тағайындап, 15 тәулікке қамауға алу және 8 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру туралы шешеім тағайындады. 

Қарағанды облысының Мемлекеттік қызмет істері департаменті орын алған оқиғаға байланысты қызметтік тексеріс жүргізетінін мәлімдеді.

Қазіргі таңда Абай ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметкері қамауда отыр. Бұл оқиға бойынша Қарағанды облыстық Мемлекеттік қызмет істері департаменті жоспардан тыс тексеру жүргізіп, мәселе этика жөніндегі кеңесте қаралатын болады – деді ресми хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Назерке Чакирбаева
Өзгелердің жаңалығы