Қарағандыда шахтадағы апатқа байланысты адамдар эвакуацияланып жатыр

Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында конвейер таспасының өртенуіне байланысты апатты жою жоспары енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына облыс әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин мен Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Қыдырғанбеков жетті. "КӘАҚҚ" РО қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ КД "Қазақстан" шахтасында Д6 (горизонт – 170 м) көмір еңісінің қазбасында конвейер таспасының өртенген, апатты жою жоспары енгізілді. Шахтаны желдету жүргізіледі (ауа беру кері позицияға ауыстырылды). Орынға "КӘАҚҚ" РО 3 бөлімшесі (15 қызметкер және 5 техника) және ТЖД (8 қызметкер және 2 техника) келді. Шахтада барлығы 227 адам болды, шахтаның қаптал арқылы адамдарды жер бетіне шығарып жатыр. Қазіргі сәтте 65 адам жер бетіне шығарылды. Бұл жерге қосымша "КӘАҚҚ" РШМ (15 қызметкер және 3 техника) және ТЖД (8 қызметкер және 2 техника) күштері келеді, – делінген жедел хабарламада.

Сонымен қатар КӘАҚҚ және ТЖД күштері қосымша жолданды. Қосымша ақпарат кейінірек хабарланады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы