Қарағандыда салынып жатқан ғимарат өртеніп кетті

Қарағандылық құтқарушылар салынып жатқан ғимараттың өртін жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Қарағанды қаласында жаңадан салынып жатқан ғимараттың аумағында 150 шаршы метр алаңда ағаш қалыптың жануы орын алды. Өрт шақырту түскен сәттен бастап 52 минут ішінде жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

ТЖМ барлық азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және оны ескеруге шақырады.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы